Қайрат Сатыбалды мемлекетке қанша қаражат қайтарды?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Cүлейменов істі болған Қайрат Сатыбалдыдан қанша актив қайтарылғанын айтты.

Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Былтырдан бастап елімізге 857 миллиард теңге актив қайтарылған болатын. Оның арасында Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған қаражат бар. Шамамен 300 миллион доллар болған, — деді Қанат Сүлейменов Amanat партиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, былтыр Қайрат Сатыбалдыға сот үкімі шығып, алты жылға сотталды.