Үкімет қаулысымен Сұңғат Есімханов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлады.
Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.
1996-2000 жылдары аралығында «Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехында еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді;
2001-2004 жылдары аралығында ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды;
2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерде директор болды;
2008 жылы — «Қаныш Сатпаев атындағы арна» РМК бас директорының орынбасары;
2008-2010 жылдары — Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а., басқармасы басшысы;
2010-2013 жылдары — «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті;
2013-2014 жылдары — ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының м.а., департамент директоры;
2014-2018 жылдары — ҚР энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы;
2018-2020 жылдары — ҚР энергетика вице-министрі;
2020-2021 жылдары — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2021-2022 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы;
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.