Басты бетPushКарьерасындағы ең...

Карьерасындағы ең көп гонорар. Шавкат Рахмонов UFC 296 жеңісі үшін қанша алды?

Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Қазақстан балуаны Шавкат Рахмонов америкалық спортшы Стивен Томпсонды жеңгені үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

MMA Salaries мәліметінше, бұл айқас үшін Шавкат Рахмонов кареьрасындағы ең үлкен гонорар — 306 мың доллар (150 мың доллар — жекпе-жекке шыққаны үшін, 150 мың доллар — жеңгені үшін, тағы 6 мың доллар — демеушілердің бонусы) алды.

Дегенмен оның қарсыласы көбірек гонорар алды. Стивен Томпсонның гонорары 416 мың доллар болды (400 мың доллар — күреске шыққаны үшін, 16 мың доллар — демеушілердің ынталандыру сыйлығы).

Айта кетейік, UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раунд соңында қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл — Шавкаттың промоушн айқастарындағы алтыншы жеңісі. Бәрін уақытынан бұрын жеңіп келе жатыр. Сөйтіп, ол UFC тарихына енді.