Алматы маңындағы Көкқайнар ауылының тұрғындары қатты аязда электр жарығынсыз қалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады.
Алматы облысы Іле ауданы Көкқайнар ауылының 3 500 тұрғыны электр жарығынсыз қалды. Ауылда жедел апаттық бригада жұмыс істеді. Кабель зақымданған. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, апаттық жағдай жойылды.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған болатын. Батыс Еуропа — Батыс Қытай дәлізі бойынша Тараз — Алматы бағытындағы және облыстық, республикалық маңызы бар автожолдар кезең-кезеңімен жабылды.