Басты бет Жаңалықтар 2018 жылы пилоттық сипатта халық санағы өтеді

2018 жылы пилоттық сипатта халық санағы өтеді

2018 жылы Қазақстанда халық санағы өтеді. Бұл санақ пилоттық түрде жүргізілмек.

Пилоттық санақ тек Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында ғана жүргізіледі. Статиститка комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, бұл — 2020 жылы болатын негізгі халық санағына дайындық. Жоспар бойынша науқан барысында заманауи технологиялар кеңінен қолданылмақ.

Айта кетейік, халық санағының 30%-ы интернеттің көмегімен сауалнама түрінде жүргізіледі. Қалған 70% ақпаратты жинау үшін планшет пайдаланылады. Бұл іске жұмылдырылатын адамдар мен қаржы көлемі биыл күзде нақтыланады.

«Үй-жай мәселесі, табыс деңгейі, білімге қатысты сұрақтар қойылады. Сол себепті бұл ауқымды құжат, ауқымды ақпарат беретін шара. Жалпы ұлттық санақ жүргізуді ешбір есеп ауыстыра алмайды», — деді  Нұрболат Айдапкелов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version