Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде спортшылар арасында допиң қолдану неге жиілеп кеткенін айтты.
Бүгінде біздің спортшыларды Алматыдағы спорттық медицина орталығы сүйемелдейді. Біздің облыста спорт-дене-шынықтыру диспансерлері бар. Өкінішке қарай, өңірде мұндай орталық жоқ екенін айту керек. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп осындай орталықтарды ашсақ деген жоспарымыз бар, — деді министр.
Оның айтуынша, кейінгі үш жылда 133 қазақстандық спортшы допиң дауына іліккен.
Оның 93-і жазғы олимпиада спорт түрінің өкілі. Бұл 93-тің 45-і ауыр атлеттеріміз. Соларға жеке тоқталғым келеді. 2020 жылы бес атлет допиң дауына ілікті, ал 2022 жылы 10 болса, биылдың өзінде ғана 30 атлеттің допиң қолданғаны дәлелденді, — деді Ермек Маржықпаев.