Басты бетЖаңалықтарТеміртауда магистральды...

Теміртауда магистральды су құбыры қатып қалды

Теміртауда қаланың жартысы ауыз сусыз отыр. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Диаметрі 300 миллиметр магистральдық су құбыры қатып қалды. Су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйіне гидравликасы төмендетілген су беріліп жатыр. Ақау шамамен 20 метр аумақтан анықталды. Оқиға орнынада сегіз бригада мен 10 техника жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада. 

Облыс әкімдігінің айтуынша, мәселені қала әкімі өз бақылауында ұстап отыр.