Саяхатшылар үшін арзан қалалар анықталды

Рейтинг анықтау кезінде мамандар әлемдегі қалалардың бір күндік демалу құны қанша болатынын есептеген. Оған ішіп-жем, жол ақы, қонақ үй бағасы, аттракцион бәрі кіреді.

Есептей келе, Непалдың орталығында орналасқан Покхара қаласы ең арзан екені анықталған. Бұл қалада күніне 17,7 доллар жұмсасаңыз жетеді.

Екінші орында Вьетнамның астанасы Ханой қаласы тұр. Ханойда 18,3 доллармен бір күніңізді жақсы өткізе аласыз.

Үшінші орында Хошимин қаласы тұр. Орташа демалу бағасы – 18,4 доллар.

Ары қарай 18,7 доллармен Мысырдың Каир, 18,8 доллармен Тайландтың Чинангмай қалалары қол бұлғап тұр.

ДереккөзQazaqtimes.kz