Степногордің жылу жүйесі апаттан соң қалпына келтірілді

Степногор қаласында кварталішілік жылу магистраліндегі апат жойылып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

8 желтоқсанда 08.10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су жіберіліп жатыр. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру және апатты жою бойынша жұмыстар жүргізді. Оны аймақ басшысы Марат Ахметжанов өзі бақылап жүр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше кешке Ақмола облысының Степногор қаласында кварталішілік жылу магистралінде апат болып, бірқатар көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды.