Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның 4...

Қазақстанның 4 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 желтоқсанда Алматы, Астана, Ақтөбе және Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.