Басты бетЖаңалықтарТЖМ Қазақстан...

ТЖМ Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан азаматтарына ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап, үндеу жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, желтоқсанда ауа райы жиі өзгереді.

Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Ескерту жарияланған кезде, әсіресе түнде жаяу және шалғай жерлерге барудан аулақ болыңыз. Ауа райы жағдайлары және тасжолдардағы қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Кез келген оқиға бойынша 112 немесе 101 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.