Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық дерегі тіркеледі. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлімдеді.
Оның айтуынша, негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі.
2023 жылдың басынан бастап елімізде қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81%-14 жасқа дейінгі балалардың, 3,4%-жасөспірімдердің, 15,4%-ересектердің арасында.
Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді, Шымкентте жоғары деңгей байқалды — 3 069 жағдай (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 263,5), Алматы қаласында — 3 010 жағдай (136,5), Жамбыл – 2 724 жағдай (224,0), Маңғыстау – 1 701 (218,0), Алматы – 1 812 (119,0) және Атырау – 1 377 (196,6), Ақтөбе – 1 485 (158,7), Қызылорда облыстарында – 1 182 жағдай (139,8).
Жалпы республика бойынша ауру балалар арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі 83,6% болды (13 670 жағдай), — деді Манар Смағұл.
Ошақтарда шұғыл вакцинация егілмеген адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қызылшамен соңғы байланыста болған сәттен бастап алғашқы 72 сағат ішінде жүргізіледі.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта қызылша ауруымен тығыз байланыста болған адамдарды вакцинациялаудан бас тарту орын алып жатыр. Мұндай үрдіс қызылшамен ауырғандардың арасында да байқалады, сондықтан 57,4%-де (7 854) жұқтырған балалар вакцинациядан бас тартуға байланысты жоспарлы тәртіппен, 18,2%-де (2 492) — медициналық көрсетілім бойынша, 23%-де (3 148) — егу жасына жетпеуі бойынша вакцинацияланбаған, — деді ҰҚДСО басшысы.