Басты бет Жаңалықтар «Singer 2017» жобасының жартылай финалының алғашқы видеосы жарияланды

«Singer 2017» жобасының жартылай финалының алғашқы видеосы жарияланды

Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдың «Singer 2017» байқауының жартылай финалдық кезеңінің аңдатпасы жарияланды.

Жартылай финалда қазақстандық өнерпаз италиялық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін орындады. Бұл кезеңнің түсірілім жұмыстары 30 наурыз күні болып өтті.

Жартылай финалда 10 әнші өнер көрсетіп, оның сегізі финалға жолдама алды. Бұл жолғы бәсеке 8 сәуір күні эфирге шығады.

«Singer 2017» жобасының финалистері:

1. Димаш Құдайберген 

2. Лин Илиан (Sandy Lam)

3. Lion тобы

4. Линь Чжисюань

5. Ли Цзянь

6. Чжан Цзе

7. Чжан Бичэн

8. Юуань Явей (Tia Ray)

Айта кетейік, ең соңғы шешуші бәсекесі 15 сәуір күні өтеді. Қытайлық Hunan TV және Хабар телеарнасы ақтық бәсекені тікелей эфирде көрсететін болады.

https://www.youtube.com/watch?v=Ue_JjmyiJ70

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version