Димаш Құдайберген Лара Фабианмен дуэт айтады

Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін үлкен шоуына Лара Фабиан және Константин мен Валерий Меладзелер қатысады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

©tengrinews.kz

«Біз қазір келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз, Лара Фабианмен және ағайынды Меладзелермен келісім бар, басқа қатысушылармен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Басты фигура — Димаш Құдайберген. Біз онымен қуана-қуана бірге ән салатын орындаушыларды шақырамыз. Меніңше, екі апта ішінде барлық техникалық мәселені реттейміз. Қарапайым ғана жеке концерт емес, үлкен шоу өткізгіміз келеді», — деді министр.

Айта кетейік, «Димаш Құдайберген шақырады» концерті «Астана Арена» сахнасында 27 маусымда өтеді. Билеттер сәуірдің ортасынан бастап сатылымға шығады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version