Мереке күндеріне байланысты қосымша пойыздар жүреді

Қазақстанда желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қосымша пойыздар шығарылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс күрт артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №201/202 «Нұр-Сұлтан 1-Шымкент». Жүретін күндері – Астанада 15, 29 желтоқсан және 2024 жылғы 1 қаңтар, ал Шымкенттен 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылғы 2 қаңтарда;
  • №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2». Жүретін күндері — 15, 28, 29 желтоқсан және 2024 жылғы 1, 2 қаңтарда «Нұрлы жол» вокзалынан, ал Алматы 2 вокзалынан — 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылғы 2-3 қаңтар;
  • №7510/7509 «Астана-Павлодар» электр пойызы. Жүретін күндері — 15, 29, 30 желтоқсан, ал кері бағытта — 18 желтоқсан 2024 жылғы 2 қаңтар;

Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады, — деді компания мамандары.