Басты бетЖаңалықтарҚазақстан азаматтары...

Қазақстан азаматтары Ozon-нан бөліп төлеу арқылы тауар сатып ала алады

Ozon маркетплейсі қазақстандық сатып алушылар үшін бөліп төлеу мүмкіндігін іске қосты. Ел тұрғындары мыңдаған тауар ақысын платформа арқылы комиссиясыз және артық төлемсіз кейін төлей алады.

Бөліп төлеуді жалпы құны 10 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі бір немесе бірден бірнеше тауарға рәсімдеуге болады. Мұны Қазақстанның 21 жастан асқан (кейбір жағдайларда 18 жастан асқан) азаматтары іске асыра алады. Қызметті алу үшін тапсырыс беру кезеңінде «Бөліп төлеу» әдісін таңдап, өзінің ЖСН көрсетуі керек.

Барлық процесс бірнеше минутты ғана қажет етеді және оны онлайн істелінеді. Өтінімді бірден төрт серіктес қаржы ұйымы — Halyk Bank, Home Credit Bank, Еуразиялық банк және Фридом Финанс Кредит МҚҰ қарайды, содан кейін сатып алушы алынған ұсыныстардың бірін таңдай алады. Банк құжаттарды онлайн дайындап береді, ал несие шартына қол қою үшін sms-хабарламадағы кодты енгізсе болғаны.

Біздің зерттеуіміз Қазақстандағы сатып алушылардың 60%-тен астамы үшін тауарларды бөліп төлеу мүмкіндігі маңызды екенін көрсетті. Мұндай қызмет жаңа жыл мерекесі қарсаңында, өзіне және жақындарына тиімді зат сатып алып, өзін де, өзгені де қуантуға жақсы мүмкіндік деп үміттенеміз. Ал біздің елдегі сатушылар үшін бұл айналымды арттырудың тамаша тәсілі, себебі тапсырыс саны өскен сайын олар көбірек сата алады, — деп түсіндірді Қазақстандағы Ozon бас директоры Мөлдір Рысалиева.