“Трамвай вагонын үй ретінде тұруға сатамын. Ай сайын. Ауданы 28 шаршы метр. Бағасы 6 340 000 теңге”, – делінген хабарландыруда.
Айта кетейік, соңғы уақытта қалада автобус, вагон, контейнер мен кабиналарды өңдеп, баспана құрастырып беретіндер саны артқан. Стильді сауда орындарының пайда болу үрдісі осындай нысандардың танымалдығын арттыра түсті.
Еске салсақ, Алматы трамвай депосы жабылған еді. Оның орнына ЖРК (жеңіл рельсті көлік) пайда болғалы жатыр.