Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату режимін бастады. Бітім төрт күнге созылуы мүмкін. Бұл туралы DW хабарлады.
Газа секторындағы атысты уақытша тоқтату туралы келісім 24 қараша, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де күшіне енді.
Бітім төрт күнге созылады деп жоспарланған. Осы уақыт аралығында кепілге алынған 50 израильдік пен 150 палестиналық тұтқын — әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар босатылуы керек. Қатардың араласуымен жасалған келісім бойынша, ХАМАС ұйымы кепілге алған алғашқы 13 адам Мәскеу уақытымен сағат 17.00-де босатылады. Израиль жұма күні кепілге алынғандардың алдын ала тізімін алғанын растады. Осы күні кепілге алынған қанша палестиналық босатылатыны белгісіз, — делінген хабарламада.
CNN израильдік шенеунікке сілтеме жасап, әңгіме 39 адам туралы болып жатқанын хабарлады. Израильдік кепілге алынғандар өз еліне кіргеннен кейін ғана палестиналықтар босатылады.