Түркістан облысының полицейлері жалған терроризмнің алдын алу туралы оқушыларға семинар өткізді

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі және Адами әлеуетті дамыту басқармасының өкілдерімен бірлесіп, оқушыларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берудің алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады.

Осындай іс-шаралардың бірін полиция қызметкерлері Түркістан қаласының №15 және №19 мектептерінде өткізді. Шараға 200-ден астам оқушы қатысты. Тәртіп сақшылары жасөспірімдерге терроризм актісі туралы жалған хабарламалар көбінесе полицияның және басқа да құзыретті органдардың айтарлықтай күштері мен құралдарын алаңдатып, уақытын алатынын жеткізді. Құқық бұзушылардың өздері мұндай теріс әрекеттері мен жалған қоңырауларының салдары нақты көмек қажет болған басқа біреуге соншалықты ауыр тиюі мүмкін екенін ойламайды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері оқушыларға мұндай құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар», «әзіл қоңырауы» үшін нақты жаза қолданылуы мүмкін екенін түсіндірді. Тақырыптық семинар соңында полицейлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, жалған қоңыраулар үшін жауапкершілік туралы жадынамалар табыс етті, сондай-ақ жасөспірімдерді заңды сақтауға шақырды.