Еліміздің қай өңірінде төтенше жағдай көп болады?

Еліміздегі кәсіпорындарда төтенше жағдай көбіне Қарағанды облысы, ШҚО, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Абай облысы сонымен қатар Алматы қаласында болады.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.

Осы күнге қабылданған шаралардың нәтижесінде (2018-2022 жылдары) кәсіпорындарда зардап шеккендердің үлесі 6,5%-ке, ал өлім 8,4%-ке азайды. Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша 1 119 жұмысшы зардап шеккен. Көрсеткіш өткен жылмен бірдей деуге болады, — деді Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еңбек министрлігі өкілі келтірген мәліметке сәйкес жұмыс орындарында қайтыс болу 12%-ке артқан (175 адам).

Кәсіпорындарда болатын төтенше жағдай көбіне Қарағанды облысы, ШҚО, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Абай облысы сонымен қатар Алматы қаласына тиесілі. Жұмыс орнында зардап шегетіндердің аздаған бөлігі тау-кен металлургиясы мен құрылысқа саласына тиісті, — деді спикер.