Басты бетЖаңалықтарМинистр: Студенттер...

Министр: Студенттер әскерден автоматты түрде босатылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин енді жоғары оқу орнына түскен жастар әскерден автоматты түрде босатылатынын айтты. 

Бұған дейін жылда 106 мың студент оқу орнынан немесе емханадан анықтама алып, әскери комиссариатқа тапсыруға екі апта жұмсайтын. Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базасын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады, — деді Бағдат Мусин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, нотариустар жазып беретін сенімхаттардың 5%-і цифрлық форматқа ауыстырылды. Автокөлікті тіркеудің 55%-і онлайн форматта жасалады. 

Ал «Электронды үкімет» порталы әр азаматты туған күнімен құттықтап, құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды бастаған.