Ел аумағында апта ішінде 2,9 мың қылмыс жасалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Апта ішінде 2 970 қылмыс жасалды. Оның 1 823-і тәулік ішінде ашылды, — деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифиңде.
Оның айтуынша, бір аптада полиция қызметкерлері «ізін суытпай» сегіз кісі өлтіру, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, екі қарақшылық, 33 тонау және 343 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.

