Басты бетЖаңалықтарНамазханалар қайта...

Намазханалар қайта ашылады

Жаңа нұсқаулық бойынша, үй-жайлардың мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерден 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуына қойылған бұрынғы тыйымның күші жойылды. «Бұл талап бүгінгі елді-мекендердің орналасу ерекшеліктеріне жауап бере алмайды», деп хабарлады ҚМДБ.

«Аллаға шүкір, халықтың сенім бостандығын қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекетіміз діндар қауымның сұранысы мен өтінішін басты назарға алып, барша ұлтты бірлік пен игілікке үндеген саясаттың зайырлы қағидаттарын ескеріп, намазханалардың қайта ашылуына мүмкіндік туғызып отыр. Бұл – мемлекеттің діндар қауымға жасаған зор жақсылығы, үлкен қамқорлығы», деп жазылған ҚМДБ мәлімдемесінде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жер-жердегі мұсылман жамағаты тарапынан намазханаларды қайта ашу туралы өтініш-тілектер келіп түскен. Нұсқаулықтың жаңа редакциясында темір жол және автовокзалдарда, әуежайлар мен порттарда, яғни адамдар еріксіз түрде ұзақ уақыт болатын орындарда діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ашуға қойылған тыйым алынып тасталды.

ДереккөзMuftyat.kz