Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Antares қаржы пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, бес жыл алты ай және алты жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды. Кінәлілер Instagram жмен Telegram әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ке дейін көбейтуге уәде берген. 33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім күшіне енді, — делінген хабарламада.