Басты бетЖаңалықтарКостенко шахтасын...

Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2,5 ай уақыт керек

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының төрт шахтасы уақытша жұмыс істемей тұр. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

Қазіргі таңда «АрселорМиттал Теміртаудың» сегіз шахтасының төртеуі жұмыс істеп тұр. Белгілі себеппен «Қазақстан» шахтасында апат болған, ол тоқтап тұр. Ол жерде әлі өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Әкімнің айтуынша, Костенко шахтасында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Комиссия жұмысын аяқтаған соң, рұқсат берген соң ғана шахтада қалпына келтіру жұмыстары басталады. Мамандардың айтуынша, Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2-2,5 ай уақыт керек. Бұл ретте ешқандай шахтаны жабу жоспарда жоқ екенін айтқым келеді, — деді өңір әкімі.