Қуандық Бишімбаевтың ісі: «Гастро-орталық» директоры 2 айға қамауға алынды

Астанада Салтанат Нүкенованың ісі бойынша «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды. Бұл туралы полиция хабарлады.

Директор қылмысты жасырды деген күдікке ілінді (ҚР ҚК-ның 432-бабы).

Bau мейрамханасында әйелдің өлімі дерегін тергеу аясында «Гастро-орталық» директорына қатысты бұлтартпау шарасы — екі айға қамауға алу санкцияланды. Тәртіп сақшылары тергеуді жалғастырып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып, өлтіргені туралы хабар тарады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданғаны белгілі болды.