Елордада құрылыс алаңында альпинистердің құлау фактісі бойынша күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Астана прокуратурасы хабарлады.
2023 жылғы 12 қазанда Астанада төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап, оның үшеуі қайтыс болды.
Полиция департаменті қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында жұмысшылардың өліміне жұмыс берушінің — жеке кәсіпкерлік басшысының қатысы бар екені туралы айғақтар алынды. Тергеу органы қалалық прокуратураның тапсырмасы бойынша жеке кәсіпкерлік басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды, — делінген хабарламада.
Қылмысқа қатысы барлардың барлығын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық тергеудің барысы қалалық прокуратураның бақылауында.