Басты бетЖаңалықтарТалдықорған полициясының...

Талдықорған полициясының бастығы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының лауазымды басшыларының бірі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жетісу облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына 27 жастағы бойжеткеннен арыз түскен. Шағымданушы зорлық әрекеті лауазым иесінің жұмыс кабинетінде болғанын, жеке басының қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтып, көмек сұраған.

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Күдікті полицейге қатысты қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Ескелді ауданындағы уақытша ұстау мекемесіне жабылған, — делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар жасалады.