Басты бетЖаңалықтарТүркі мемлекеттері...

Түркі мемлекеттері ұйымының келесі саммиті Қырғызстанда өтеді

Түркі мемлекеттері ұйымының ХІ саммиті келесі жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Кезекті 11-ші саммит келесі жылы Қырғызстанда өтеді. Бүгін қабылданған шешімдер түркі елдерін одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне кәміл сенемін, — деді Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитін қорытындылаған Қазақстан президенті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан зор үлесі үшін Өзбекстан президентіне орден тапсырды.

Мен түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевті түркі әлемінің ең жоғары орденімен марапаттау жөнінде бастама көтердім. Менің ұсынысым бірауыздан қолдау тапты, ризашылығымды білдіремін, — деді мемлекет басшысы.