Басты бетЖаңалықтарАтырауда қауіпті...

Атырауда қауіпті инфекция өршіп жатыр

Атырауда эхинококкоз инфекциясына шалдыққандардың саны екі есе өсті. Бұл туралы Astana TV арнасы хабарлады.

Дәрігерлер паразитарлық аурудың балалар арасында өршіп тұрғанына алаңдап отыр. Ал санитар мамандар ондай жағдай екі жылдан бері байқалмағанын айтты.

Кейінгі екі жылда эхинококкоз ауруының өсуі байқалып отыр. 2023 жылы тоғыз жағдай тіркеліп отыр, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында үш жағдай тіркелді. 2022 жылмен салыстырғанда жыл бойы алты жағдай анықталды, — деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депаратменті басшысының орынбасары Қадыржан Оразғалиев.

Дәрігерлердің айтуынша, ауру белгілерімен келетіндер сирек. Көп жағдайда жоспарлы тексеріс кезінде анықталады. Сондықтан ит және үй жануарларының күтімі кезінде гигиеналық ережелерді қатау ұстану қажет.

Көбіне кездесетін эхиноккоздың түрлері бауыр, одан кейін өкпеде кездеседі. Бауырда кездесетін себептері қан тамыры, ішек арқылы келіп бауырда орналасып, бауырда экиноккоз инфекциясы пайда болады. Бізге келетін жастар оны үй жануарларынан жұқтырып келеді, — деп атап өтті Атырау облыстық ауруханасының хирург-дәрігері Аманқос Қуанышев.