Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы жобаны қоғамдық талқылауға шығарды.
Құжат бойынша, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудия» АҚ болып қайта құрылады.
Бұл өзгеріс шығарылатын фильмдердің сапасын арттыру, сонымен қатар шетелдік кинокомпанияларды субсидиялаудың мемлекеттік операторы функцияларын іске асыру арқылы шетелдік инвестициялар тарту мақсатында енгізіліп отыр, — делінген құжатта.
Сонымен қатар жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейтіні жазылған. Құжат 15 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін «Ашық» НҚА сайтында жарияланды.