Басты бетЖаңалықтарКостенко шахтасында...

Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің тізімі жарияланды

Қарағандыда Костенко шахтасында болған апатта қаза болған 46 кеншінің тізімі жарияланды.

METALLURGy today газеті шахтада қаза болған кеншілердің толық тізімін жариялады:

  • Әбілов Айбек Нұрғалиұлы
  • Бобряшов Сергей Владимирович
  • Семсерхан Есдаулет
  • Жылтыров Амангелді Ерғалиұлы
  • Ещенко Леонид Николаевич
  • Киселев Сергей Александрович
  • Крайнов Олег Викторович
  • Сальников Анатолий Владимирович
  • Шатаев Аманкелді Мейрамұлы
  • Сапарғалиев Асқат Бауржанұлы
  • Қамиев Олжас Ерғазыұлы
  • Сосновский Тимур Викторович
  • Мордасов Виталий Анатольевич
  • Крикунов Павел Александрович
  • Петренко Владимир Ильич
  • Югай Александр Викторович
  • Прокудин Александр Валерьевич
  • Мұсабеков Әсет Қанатұлы
  • Кочмар Сергей Николаевич
  • Әлияқпаров Қуандық Серікұлы
  • Деревянко Виктор Николаевич
  • Арусланов Денис Геннадьевич
  • Калимуллин Дамир Радикович
  • Гудз Дмитрий Казимирович
  • Котвицкий Сергей Геннадьевич
  • Катаман Владимир Мирославович
  • Николаенко Юрий Леонидович
  • Баринов Сергей Валерьевич
  • Сайфутдияров Альберт Рифович
  • Магиев Жанболат Темірғалиұлы
  • Исинқұлов Дамир Нұрисламұлы
  • Шулевский Михаил Леонидович
  • Богатырев Илья Константинович
  • Леушин Владимир Геннадьевич
  • Жанзақов Айзат Айханұлы
  • Мельников Иван Владимирович
  • Неверов Александр Викторович
  • Малдақасов Асют Аханұлы
  • Адампаев Ербулат Мұратұлы
  • Сіләм Берденбек
  • Кривоногов Евгений Викторович
  • Орақбаев Ақынжан Расбайұлы
  • Кадиров Ринат Мубаракзянович
  • Фазлов Марат Фаудинович
  • Поцелуев Вячеслав Валерьевич
  • Половинка Юрий Сергеевич

Виктор Викторович Гафиулов екеуміз мезгілсіз өмірден өткен әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындарына жолығып, көңіл айтып, толық материалдық және психологиялық қолдау көрсетілетінін жеткіздік. Оқиға кезінде 24 әріптесіміз зардап шекті, оларға ауруханаларда барлық медициналық көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Сол кезде жұмыста болғандарға психикалық қолдау да жасалады. Компания қазір қайғылы оқиғаны тергеп жатқан мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар бұл апаттың себебін анықтау үшін ішкі тергеуді бастаймыз және оның қайталану ықтималдығын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жұмыс үрдістерінің және тәртібінің қауіпсіздігін көтеру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз, бірақ бұл апат алда әлі де атқарылатын істер көп екенін көрсетті. Бұл бізге сабақ болды. Осы бағыттағы жұмысымызды дереу жеделдетуіміз керек, — деді «АрселорМиттал Теміртау» бас директоры Владимир Яблонский.

Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды.

Шахтадан 46 кеншінің мәйіті табылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Үкіметке кеншілердің отбасыларына көмек беруді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Шахтадағы өрт фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.