Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы апаттың себебін тексеруге шетелдік сарапшылар тартылатынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тағы жеті шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды. Еске салайық, 28 қазанда сағат 02:36-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Костенко атындағы шахтада тереңдігі 700 метрде жану болып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. Бұл жерге дереу «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының күштері жіберілді, — деді Сырым Шәріпханов.
Министр апат кезінде ауысымда 252 кенші болғанын, оның 201-і өздігінен көтеріліп, бесеуі тау-кен құтқару күштері тапқанын еске салды.
Жалпы, 30 қазаннан бастап Қарағанды облысының бес шахтасында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы) өндіру процестері қайта жанданды. «Тентек» шахтасында тек дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қазақстан» шахтасында оның қарқынды жұмыс істеуі үшін барлық жұмыстар қамтамасыз етіліп жатыр және аэрогаз жағдайы бақылауда, — деді Сырым Шәріпханов.
Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Костенко атындағы шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Апат кезінде 252 адам жер астында болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Үкіметке кеншілердің отбасыларына көмек беруді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.
Шахтадағы өрт фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.