Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 31 қазан күні Алматы уақытымен сағат 00.12 кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 575 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.7. Магнитудасы MPV — 4.5. Эпицентр координаттары — 41.14° с.е. 83.28°°ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ, — делінген хабарламада.