«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
30 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбеде 30 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
30 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Оралда 30 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
30 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Жезқазғанда 30 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағандыда 30 қазанда түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.
30 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Петропавлда 30 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
30 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с
30 қазанда Павлодар облысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз орталығында тұман түседі Күндіз облыстың оңтүстігінде онтүстік-шығыстан жел онтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодарда 30 қазанда көктайғақ болып, күндіз тұман түседі.
30 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с.
30 қазанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанайда 30 қазанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
30 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с.
31 қазанда таңертен және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 30-31 қазан облыстың таулы аудандарында тұман түседі. 30-31 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 30 қазанда, тәулік бойы 31 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Таразда 31 қазанда таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. 31 қазанда кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз 30 қазанда, таңертең және күндіз 31 қазанда екпіні 15-20 м/с, 31 қазанда кей уақытта 25 м/с күтіледі.