Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды

Мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Сапар аясында президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорғандағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады.