Анамыз тамақ жасап, бала қарап, теледидардан сүйікті сериалын көріп, барлық істі қатар істегенде таңғалатынбыз. Енді ASUS компаниясының жаңа ноутбугын сатып алатындар да аналар сияқты бір мезетте бірнеше істі бітіре алады. Себебі  компания екі экраны бар ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугын шығарды. Оны қолданатындар бірден екі экранға ие болады. Екі экраны бар құрылғының несі тиімді? Ноутбуктың тағы қандай артық тұстары бар? Бұл жолы видеограф Ернұр Бақберген ноутбукты бірнеше күн қолданып, оның функцияларын шолып шықты.

ASUS компаниясы эксперимент жасаудан қорықпайды. Бүгінге дейін олар планшет тәріздес ноутбук, тачпадтың орнына экран тұратын ноутбук, қайта өңделген материалдан жасалған құрылғы шығарды. Дизайнерлерге, киберспортшыларға және тағы басқа шығармашыл адамдарға арнап та ноутбук әзірледі. Осы жолы қолымызға олардың екі экраны бар ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы түсті.

Видеограф Ернұр үш жылдан бері ASUS-тың 2021 жылы шыққан ноутбугын қолданып келеді. Сол себепті оған бұл компанияның өнімдері таңсық емес. Компанияның ескі және жаңа ноутбугын салыстырып көрді. Ернұрға ROG Zephyrus DUO 16 құрылғысының сәл ауыр екені болмаса, сырт көрінісі, пішіні ұнаған. Ол ноутбуктың дизайны сәнді әрі замануи дейді. Оны сатып алған адам өзін «күшті құрылғының» иесі екенін сезетінін, ұялмай көтеріп жүретінін айтады.

 ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбук экранының арт жағындағы кішкентай жазудың, ROG логотипі мен қиғашынан сызылған сызықтың өзі ерекше эстетика беріп тұр. Талғампаз жастардың көңілінен шығатыны сөзсіз.

 ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Ернұр Бақберген. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жалпы сипаттамасы

ROG Zephyrus DUO 16-ның процессоры — AMD Ryzen 9 7945HX. Видеокартасы — NVIDIA® GeForce RTX™ 4090. Жарықтығының шегі — 1100 кд/м²-ге дейін. Жедел жады — 64 ГБ. Салмағы — 2,67 келі. Ноутбукқа Windows 11 жүйесі орнатылған.

Жедел жады мен процессоры ноутбуктың қатпауына, тез қосылып-өшірілетініне, жылдам істеуіне кепіл береді. Мұнысын артықшылығы деуге болады, — дейді видеограф.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Экраны

Ноутбуктың екі экраны бар. Негізгі үлкен дисплейі — 16 дюйм. Ал ROG ScreenPad Plus™ деген қосымша дисплейі — 14,1 дюйм. Жиілігі — 240 Гц-ға дейін. ROG Zephyrus Duo 16-ның дисплейі экран аумағының 91%-ін алып отыр, яғни жан-жағындағы жақтауы аз.

Екі экран екі іспен қатар айналысуға мүмкіндік береді. Бұрынғыдай бір бетті ашу үшін екіншісін жауып қоюдың қажеті жоқ. Мәселен, бір экран арқылы ойын ойнап, екінші экран арқылы басқа платформаны қолдана беруге болады.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың екінші экраны пернетақтаның төбесінде орналасқан. Ноутбукты ашқанда екінші экран сәл көтеріледі де, негізгі экранның жалғасы болып шыға келеді.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Видеоны монтаждайтын адамның жүйке-жүйесі мықты болуы керек. Себебі бір минуттан бір сағатқа дейін созылатын сұхбаттың, подкастың, бейнебаянның әр бөлігіне, әр секундына мән беруің керек. Фотоны да өңдеу оңай емес. Экранның біріне үлкен етіп фотоны, видеоны, екіншісіне өңдеуге арналған бағдарламаның жолағын шығарып қоюға болады екен. Оған қоса екеуін екі мақсатта да қолдануға мүмкіндік бар. Мысалы, мен бір уақытта Adobe Photoshop Lightroom қолданбасын қолдандым және интернеттен подкаст көріп отырдым. Бұл уақытты тиімді өткізуге, үнемдеуге көмектеседі, — дейді Ернұр.

Ноутбук стримерлер үшін де ыңғайлы. Стримерлер бір экран арқылы ойын ойнап, екіншісінен тікелей эфирге шығып отыра алады.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұл ноутбуктың матрицасы — QHD+. Дисплейі — кішкентай жарық диодтарына негізделген артқы жарығы бар ROG Nebula HDR.

Бұл — өте ұтымды шешім, себебі қазір Youtube-тағы контенттің басым бөлігі жоғары сапада түсіріледі. Ал мұндай сападағы видеоны көп ноутбук көтере бермейді, қатып қалады.  Матрицасының QHD+ болғаны — сатып алушыға нақты осы ноутбукты таңдауға бір себеп, — дейді Ернұр.

Құрылғының қосымша экраны сенсор. Компания “тез сырылып кетеді” деп уайымдаудың қажеті жоқ екенін айтады. Себебі дисплей Corning Gorilla Glas DXC — экранды сырылып кетуден 40%-ке дейін қорғайтын әйнектен жасалған.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Пернетақтасы мен тачпады

Ноутбуктың пернетақтасы да, тачпады да жанып тұрады.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Құрылғының екі экраны болған соң, ноуттың көлемі де үлкейіп кетті деп ойлайтын шығарсыз. Олай емес. ASUS екі экран көп орын алатынын ескеріп, тачпадты пернетақтаның жанына орналастырған және оны сандармен біріктірген. Әрине, бір қарағанда ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін. Дегенмен Ернұрға мұнысы ұнаған екен.

Маған сол қолмен пернетақтадағы қаріптерді теру, оң қолмен тачпадты басқарып отырған ыңғайлы екен. Бір қолың үстінде, екіншісі астында болғанына қарағанда, екі қолыңның да бір деңгейде болғаны дұрыс екен, — дейді ол.

Әдетте көп адам оң қолымен жұмыс істейді, жазады. Тышқанды да ноутбуктың оң жағынан жалғайды. Бұл жағынан қарасақ, тачпадтың оң жақта орналасқаны шынымен-ақ тиімді.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Ернұр Бақберген. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Желдеткіші

Zephyrus Duo 16 ноутбугының желдеткішінің баламасы жоқ. Оның желдеткіші Conductonaut Extreme деген сұйық металл қорытпасынан жасалған. Ал ол басқаларға қарағанда 17 есе жылуды тез шығарады және ноутбукты қыздырмай, оның температурасын 15 градусқа дейін төмен етеді. Ойын ойнайтындар, ауыр бағдарламалармен жұмыс істейтіндер мұның қаншалық маңызды екенін түсінеді.

Counter strike 2 және Асфальт деген ойынды ойнадым. Желдеткіш жақсы істеді, дыбысы аздап естіледі. Дегенмен бастысы, құрылғыны тез суытып отырады. Мұнысы жақсы екен. Әйтпесе, қатты қызып кеткен ноутбукпен жұмыс істеу, ойнаған біртүрлі. Саусағыңды, қолыңды қыздырып жібереді, — дейді Ернұр.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қуаттағышы

ASUS компаниясының ноутбуктарының екі қуаттағышы болатыны үйреншікті нәрсеге айналды. Бұл жолғы құрылғысына да олар екі қуаттағыш арнапты. Әдеттегідей, біреуі — көлемі үлкен, қуаты көп қуаттағыш, екіншісі — TYPE-C USB арқылы жалғанатын шағын, бірақ қуаты үлкенінен сәл аздау қуаттағыш. Қолданушы өзіне қолайлысын таңдай алады.

ASUS-тың бұрынғы ноутбуктарында TYPE-C USB жалғағыш болмайтын. Қазір қосыпты. Жалғағыштың бірнеше түрі болғаны абзал. Қолданушы қажет кезде әуре болып отырмайды, — дейді Ернұр.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Аудио жүйесі

ROG Zephyrus DUO 16 ноутбугының алты аудио жүйесі бар. Олар Dolby Atmos® технологиясы арқылы істейді. Оған қоса екі жақты интеллектуал шудан оқшаулағышы бар.

Ойын ойнағанда да, подкаст тыңдағанда да даусы жарқын, анық шықты, — дейді Ернұр.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қолға арналған төсеніш

Бір қызығы, бұл ноутбуктың қолға арналған төсеніші бар. Адам оны қолының астына төсеп қояды. Ол білектің ноутбукпен бір деңгейде тұруына, талып кетпеуіне көмектеседі.

ROG Zephyrus DUO 16 ойын ноутбугы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Айта кетейік, ASUS компаниясы Қазақстан,  Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Молдова, Грузия аумағында ROG Holidays науқанын бастады. Науқан 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін Rog.events сайтында өтеді. Екі ай  ішінде ASUS-тың серіктес-дүкендерінен Republic of Gamers (ROG) ойын құрылғысын сатып алғандар Steam аккаунтына 50 долларға дейін эквивалент және ROG Elite бағдарламасына 2000 points сияқты бонус алады. Науқан бонусын алғысы келетіндер серіктес-дүкендерден аналық плата, ноутбуктар, роутерлер, мониторлар, ойын аксессуарлары, ROG Ally протатив консолі — осының бірін сатып алуы керек. Толық ақпаратты мына сілтемені басып, біле аласыз: https://rog.events/holidays.

ASUS ROG Zephyrus DUO 16 ноутбугын шолып, мынадай артықшылығын байқадық:

  • ойынға да, жұмысқа да арналған;
  • екі экраны бар;
  • бірнеше істі бір мезетте орындауға мүмкіндік береді;
  • арнайы қолға арналған төсеніші бар;
  • желдеткіші мықты;
  • алты аудио жүйесі бар;
  • тачпады шетінде орналасқан;
  • Дисплейі — кішкентай жарық диодтарына негізделген артқы жарығы бар ROG Nebula HDR;
  • поцессоры — AMD Ryzen 9 7945HX, видеокартасы — NVIDIA® GeForce RTX™ 4090;
  • екі қуаттағышы бар.