Басты бет Жаңалықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді комиссия ұстамайды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді комиссия ұстамайды

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді депозит ашарда тұтынушыдан комиссияның құнын сұрамайды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Kn.kz

«Құрметті клиенттер! Комиссия төлемей, депозит ашыңыздар! 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы және келісімшарттағы ақшаны көбейту туралы келісім жасалғанда, комиссия мүлде алынбайды. Бүгін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында осындай шешім қабылданды»,- деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұрын банктен депозит ашарда келісімшарттың 0,55 пайызы көлемінде комиссия алынатын.

3 пікір

  1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді комиссия ұстамайды,-деген жаңалықты қуана құптаймын. Және өте тиімді жинақ банкі екендігін, клиенттерге қызмет көрсету сапасының да өте жоғары деңгейде екендігін айтып алғысымды білдіргім келеді. Жұмыстарыңыз сәтті де табысты бола берсін!

  2. Шотымызда жинақталған қаржы көлемін және өзге де білгіміз келген сұрақтарды on line режимінде қойып жауабын білуімізге бола ма?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version