Басты бет Жаңалықтар Депозитті бірнеше банкте сақтаған тиімді — Ұлттық Банк

Депозитті бірнеше банкте сақтаған тиімді — Ұлттық Банк

Қазақстанның депозитті кепілдендіру қоры (ҚДКҚ) егер азаматтардың депозиті кепілдендіру көлемінен асатын болса, қаржыны бірнеше банкке бөліп сақтауға кеңес береді. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.

ntv.ru

Есте сала кетсек, кепілдендірудің ең жоғары шегі теңгемен 10 млн-ға дейін болса, шет елдік валютамен 5 млн теңгеге дейін болады.

«Біз Қазақстандағы барлық банкпен жұмыс істейміз. Егер сіздің салған қаржыңыз максималды көлемнен асатын болса, онда қаржыны бірнеше банкке бөліп салсаңыз, біз барлығын да кепілдендіреміз», — деді ҚР Ұлттық банкі валюта операциясы департаментінің директор орынбасары Нұржан Тұрсынхан.

Оның айтуы бойынша, қор жұмыс істеген уақыттан бері кепілдендіру көлемі 400 мыңнан 10 млн теңгеге дейін артқан.

Сондай-ақ бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев еуромен ақша сақтау неғұрлым тиімсіз екендігін хабарлаған болатын.

«Ағымдағы жағдайда шетел валютасына деген халықтың сақталып отырған сұранысы айтарлықтай шығындарға әкелу тәуекеліне ұшырайды. Теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы 2016 жыл бойы құбылмалы болды және оның ауытқуы 328-ден 384-ке дейінгі шекте болды. Бірақ өткен жылы 6 пайызға әлсіреген еуроға салым инвестициялаудың неғұрлым тиімсіз стратегиясы болды, оның теңгеге қатысты ауытқуы жыл бойы 343-тен 418-ке дейінгі шекте болды», — деп атап өтті Ұлттық Банк төрағасы.

Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің мәліметінше, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version