Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі атанды

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасының "Азияның ең танымал әншісі" атанды. Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.

Шанхайда өтіп жатқан шараның марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген SOS d’un terrien en détresse әнін орындады. Бұл әнді қазақстандық әнші I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған болатын. Шараға әншінің әкесі Қытайға арнайы барған екен.

Марапаттау сәтінде Димаш Құдайберген тыңдармандарына қазақ тілінде алғыс айтты. «Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын, қазір. Бұл менің шет елдегі алып тұрған ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатырған «Singer» жобасына алғыс айтамын! Менің қолдап жүретін барша тыңдармандарыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана!!!», — деді Димаш Құдайберген.

31 пікір

  1. Құтты болсын!!! Еңбегінің жемісін бұдан да жоғары Нобель сыйлы ғана игер болатынына сенемін! Димаш жарайсың Қазақ елінің нағыз мақтанышы!!!??

  2. Белестерден əлі де көрінебер!!! Тіл көзден сақтасын. Жолын ақ болып, қазақ атын шығара бер. Ұлтымыздың мақтанышы бол!!!!

  3. Димашты бүкіл әлем танып тамсанып оны бүгінгі әлмемнің мықтылары қанша мақтап жатсада, Димаштың осыншама мансапты қабылдаудағы қарапайымдылығын жоймай,басқалар сияқты өз ана тілін ұмытып өзгеріп шыға келмей, таза қалпында қалуы, үлкен тектіліктін белгісі деп түсінем, Димаш қазақтың ерекше мақтанышы боп аман жүрсін деп тілейік.

  4. Қазағымның мақтанышы Димаш жүлдең құтты болсын!Жолың ақ болсын,қуанышыңа ортақпыз.Жарайсың!???

  5. Қутты болсын Димаш!Тил көзден аман бол!Қазақтың мақтан тутар азаматы!Басыңнан бағың кетпесин!Ал қазағым кокке көтер талантты ұлыңды!

  6. Құтты болсын!!! Еңбегінің жемісін бұдан да жоғары Нобель сыйлы ғана игер болатынына сенемін! Димаш жарайсың Қазақ елінің нағыз мақтанышы!!!?

  7. Патша конилдеринизге рахмет тилеулес бола билдиниздер керемет кошемет осынын бари саган Димаш

  8. ҚАЗАҚТЫҢ КӨГІНДЕ БҮГІН ЖАНҒАН БАҚ ЖҰЛДЫЗЫ ЕШҚАШАН СӨНБЕСІН, БИІКТЕП ЖАРҚЫРАЙ БЕРСІН, НҰРЫН ҚАЗАҒЫНА ШАША БЕРСІН!!!
    ЕНДІГІ АЛАР БИІГІҢ ƏЛЕМДІК МЕЖЕ, ДИМАШ!!!
    СƏТТІЛІК ЖОЛДАСЫҢ БОЛСА, ҚАЗАҚ ЕЛІ — ТІЛЕКШІҢ, ЖАРАТҚАН — ҚОЛДАУШЫҢ!!!

    • Мен еш жерден оленди харам деп окымаппын шукир еткеним шын журектен бауырымыздын жетистигине олен харам деген далелин болса жазып кой

  9. Димаш балам жарайсың. Өнерің өрге өрлей берсін. Басыңнан бағың таймасын. Қазақстанды бүкіл елге таныта бер. Сені бір Алла қолдап жүрсін.

  10. Димаш,жарайсың!Саған Алла разы болғай!Димаш деген атына заты сай жансың.Басың аман,денің сау болсын.Құдай бақытыңды берсін!

  11. Өмірде де Өнерде де өресі биік, ДИМАШ бауырым, Өмір жасың ұзақ, алар асу, белестерің молынан болсын! Көз тимесін, Қасиетті өз қазақ еліңді ғана емес, қалың Қытайды бағындырып, өнерің мен өлеңіңді қоса өріп жүріп, бас идірдің ғой, жаным, жасай бер, бар бол, Нар бол..!

  12. Нағыз талант! Қазақ елін әлемге танытып, атағын шығарған қазақтың баласы. Қазақтардың ішінен «Әлем жұлдызы» шығады деп ойламаппын! Керемет! Жұлдызың жана берсін.

  13. Жарайсың Димаш тек ғана алға…Сен өте дарынды жансың…Өнерің əр қашан өрге жүзіп ойлаған армандарына жете бер

  14. Димаш бұл жүлдең сен үшін неше жылдық еңбегіңнің ақталғаны деген сөз.Құтты болсын, қуаныштымыз жүлделерің көп бола берсін. Ал ең маңыздысы сен бұл жетістігіңмен өзіңнен кейінгі жастарды қанаттандырып жастарымызға қай салада болсын, шет жерде алынбайтын қамал жоқ екенін тағы бір дәлелдеп бердің.

  15. Жарайсың Димаш бүкіл Қазақ елінің мақтанышы бола білдің
    Өнерің өрлей берсін,жемісін көр
    Жолың ашық,денің сау,узақ ғүмыр
    берсін, Алга ! Алга ! Димаш!
    Құттықтаймын !!!
    Жігерлі бол ! Сені бір Алла қолдасын !!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version