Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері ауысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.