Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылғы 21-22 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс – көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері — 25 тонна. Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында, — делінген хабарламада.