Алматыға күн сайын кіретін көліктер саны 700 мыңға жетті. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 негізгі магистраль бойынша Алматы аумағына жұмыс күндері орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль кіреді. Ал, облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жол арқылы 300 мыңнан астам көлік келеді.
Осылайша, мегаполис көшелерімен күн сайын 700 мыңнан астам көлік жүреді. Бұл шамамен қала халқының үштен бірі – 2,147 миллион адам.
Алматыға жұмыс күндері келетін жеке көліктің санын бүкіл елдің автопаркімен салыстыруға болады. Латвияда халық саны 1,8 миллион адам. Аталған елде 730 мың автокөлік тіркелген. Салыстырмалы түрде айтқанда, облыстан Алматыға үнемі бүкіл Латвия кіреді, — деп хабарлады Алматы әкімдігінен.
Бұл деректер «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы Алматы аумағында жүретін автокөлікті талдау негізінде алынды.