Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Қытайдың делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Екі елдің делегация мүшелері мына құжаттарға қол қойды:

  1. Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

    2. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;

    3. Қазақстан Республикасы көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Тачэн – Аягөз» теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

    4. Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;

    5. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама.