Басты бетPushМәскеуде әскери парад өтті

Мәскеуде әскери парад өтті

Мәскеуде әскери парад өтті. Парадқа 29 мемлекеттен ресми өкіл барған.

Қызыл алаңдағы әскери парад екі сағатқа созылған. Шеруге Ресейдің 10 мың әскериі қатысты. 13 елдің әскерилері де Қызыл алаңнан жүріп өтті. Олардың қатарында Қазақстан, Әзербайжан, Қытай, Вьетнам, Египет, Моңғолия және Мьянма әскерилері бар.

Парадта Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Сербия басшысы Александр Вучич, Словакия премьері Роберт Фицо, Венесуэла президенті Николас Мадуро болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да