Елордада 4 құрылысшы биіктен құлады: қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы құрылыс нысанында төрт жұмысшы биіктен құлап кетті. Біреуі оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы қалалық полиция депаратменті хабарлады.

Жұмысшылар тоғызыншы қабаттағы жұмыстарды жүргізу кезінде құлап кеткен. Олардың үшеуі 1999 жылғы болса, біреуі 2002 жылы туған.

Бір құрылысшы жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Қалған үшеуі ауруханаға жеткізілді, — дейді полицейлер.

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі (құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, кінәлі адам үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.