Алматыда құрылыс салушыларға жаңа талаптар қойылады

Биыл 10 қазаннан бастап Алматы әкімдігінің қалада түрлі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нөсер кәрізін реттеу туралы қаулысы күшіне енді.

Қалалық мобильділік, энергетика және сумен жабдықтау, экология және қоршаған орта, жоспарлау және урбанистика, құрылыс басқармалары мен Алматы аудандары әкімдерінің аппараттары ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру кезінде нөсер кәріздерін реттейді, — делінген қаулыда.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сонымен қатар инженерлік желілерді салу, реконструкциялау және жөндеуден кейін жолдың асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде тиісті жол таңбалау сызықтарын салуды қамтамасыз ету қажет.