Әйтеке би кентінде инженерлік инфрақұрылым желісі тартылады

«Аймақаш» шағын ауданын жоспарлау жобасына сәйкес республикалық және Қызылорда облысының бюджетінен 243 миллион теңге бөлінді.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаражатқа 5,2 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 4 шақырым астам электр желілері, сондай-ақ 6,7 шақырым су құбыр желілері тартылады. Сонымен қатар ұзындығы 5,9 шақырым автожол құрылысын қаржыландыру жоспарланған. Тіпті қазірдің өзінде тиісті қаржылық өтінім берілді.

Инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін 115 жер учаскесі «Аймақаш» шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдерінде кезекте тұрғандарға беріледі.