Басты бетЖаңалықтарАзия ойындарында...

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын түсті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратеден 60 келіге дейінгі салмақта өткен жарыста қазақстандық каратеші Қайсар Алпысбай жеңіске жетті.

Финалда Алпысбай екі дүркін Азия чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен шықты. Жекпе-жек тартысты өтіп, бәрі соңғы секундтарда шешілді. Нәтижесінде қазақстандық 7:5 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

Қайсар Алпысбай 2022 жылғы Азия ойындарында ұлттық құрама үшін тоғызыншы алтынды алып берді.