Балаға кемшілігін байқатпау
Олардың аналары балаларын ешқандай жағдайда кемсітпейді. Олар балаға «Сен жамансың» деп ұрыспай, ойын «Сен сияқты жақсы бала қалайша мұндайға барды?» деп жеткізеді. Еврей анасының ұстанымы «Менің баламда ешқандай кемшілік болмауға тиіс» деген сыңайда. Олар баланың бойынан кемшілік көріп тұрса да, оны балаға білдіртпейді.
Ой еркіндігі
Еврейлер бала тәрбиесінде екі қарама-қарсылықты қатар алып жүреді, бірі еркіндік, екіншісі қатаң талап.
Баланы кез келген әрекеті үшін мақтау
Анасы баланы үнемі мақтап жүреді. Бұл оның туыла салғанынан басталады. Тіпті, оның ең бірінші салған түкке тұрғысыз суреті үшін де мақтап отырады. Және кез келген жетістігін барлық туыстарына, достарына хабарлайды. Әсіресе, балаңызды біреуге мақтап жатсаңыз, оны баланың өзі де естуі артықтық етпейді.
Жауапкершілік
Олар отбасында бала тәбиелеп отырған соң, өздеріндегі жауапкершілікті толықтай сезінеді. Өздері қателік жасап тұрса, балаға үлгі бола алмайтынын біледі.
Ата-ана арасындағы сыйластық
Еврей отбасында жұбайлар бір біріне ерекше құрметпен қарайды. Ата-ана арасында сыйлы қатынас босла, бала өзін батыл сезінді. Өзі де кейін өскенде дәл сондай отбасы құруға дағдыланады.
Ата-ана болуға талпыну
Израильде ата-ана тәрбиесіне қатысты арнайы курс оырндары бар. Мұндай курстар әлем бойынша көптеген еврей мектептерінде бар. Онда бала тәрбиесі жһнінде сабақ үйретеді.
Уақытты тиімді пайдалану
Еврей балалары ешқашан бала күнінен бастап, аулада әңгіме айтып ешкіммен отырмайды. Олар үшін әрдайым бір іспен айналысу, бос уақыты болмау қалыпты жағдай болып саналады.